Петропавлда жаңажылдық мереке іс-шаралары 6 күн бойы өтеді

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Жаңа жыл мерекесіне орай 6 күн бойы бұқаралық іс-шаралар өтетіні жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңа жылға орай мерекелік іс-шаралар 29 желтоқсан күні басталып, 3 қаңтарға дейін жалғасады.

Жоспарға сай бүгін сағат 19.00-де қала әкімдігі ғимаратына қарсы орналасқан орталық алаңда би кеші өтеді. Сондай-ақ сұрақ-жауап ойыны ойнатылмақ.

30 желтоқсан күні «Жаңа жылды бірге қарсы алайық!» мерекелік ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Іс-шара шырша құрылған басты алаңда - облыс әкімдігі ғимараты маңында өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін көңіл көтере алады.

31 желтоқсан күні басты алаңда «Қош келдің, Жаңа жыл!» бағдарламасы жоспарланған. Сағат 19.00-де басталатын сауық, 21.00-де мерекелік отшашумен қорытындыланады.

1 қаңтар күні мерекелік іс-шара сағат 16.00-де орталық алаңда жалғасады. Бұл күні де өнерпаздардың концерттік бағдарламасы өтеді.

2-3 қаңтар күндері мерекелік бағдарлама сағат 18.00-де орталық алаңда басталады. Сауық кеші сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Бұған дейін Петропавлда мұз алаңдарын салуға бюджеттен 75 млн теңге бөлінгенін айтқан едік. Ал қала демеушілердің қаржысына безендірілді. 25 желтоқсан күні өңірдің басты шыршасының шамы жағылды.


Соңғы жаңалықтар