Петропавлда зауыттағы өрт толықтай сөндірілді - ТЖК

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлда Калинин атындағы зауыт аумағында шыққан өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 13 мамыр күні 13:17-де Петропав қаласындағы Гашека көшесінде орналасқан жұмыс істеуін тоқтатқан Калинин атындағы зауыттың аумағында құрғақ шөп өртеніп, артынша бос тұрған 2 мың текше метрлік көлемі үлкен 3 металл бөшкені жалын шарпыған. Бұрын оларда ылғалдан қорғайтын лак сақталған.

«Өрт аумағы 225 шаршы метрді шарпыды. Жалын сағат 15:25-те ауыздықталып, 15:48-де толықтай сөндірілді», - деді Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, бастапқы болжам бойынша оқыс оқиғаға өртті дұрыс пайдаланбау себепші болған. Жалынан ешкім зардап шекпеген.

Сондай-ақ, сөндіру жұмыстарына 10 адам және 10 арнаулы техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар