Петропавлда заңсыз 9 пәтерді иемденген әкімдік қызметкерлері сотталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында заңсыз иемденіп кеткен 9 пәтер қайтарылды. Осыған қатысы бар әкімдіктің лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бұрын Петропавл қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі Б. Өмірсетоваға, мекеменің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының инспекторы Ж. Есетоваға, сондай-ақ Б. Өмірсетованың жолдасы және Ж. Есетованың бірге тұратын адамына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын», делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу барысында күдіктілер мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жататын пәтердерді иеленген. Олар сыбайластарына ресімдей отырып, жаңа тұрғын үйлердегі 9 пәтерді заңсыз алған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 96 млн теңге болды.

«Биыл 17 мамырда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының аппеляциалық соты Б. Өмірсетова және Ж. Есетованың мүлкін тәркілей отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Олардың сыбайластары - Б. Өмірсетованың жұбайы мен Ж. Есетованың бірге тұратын адамы да мүлікті тәркілей отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар