+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Петропавлда волонтерлер полицейлерге жоғалып кеткен бойжеткенді табуға көмектесті

2020 жылғы 26 наурыз 20:15
Бөлісіңіз:
Петропавлда волонтерлер полицейлерге жоғалып кеткен бойжеткенді табуға көмектесті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда хабарсыз кеткен 18 жастағы қызды полицейлер мен волонтерлер аман-есен тауып, анасына тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада достарымен суға түскен 22 жастағы жігіт дарияға батып кетті Қаратауда терезеден құлаған 10 жастағы балаға қатысты оқиғаны полиция тексеріп жатыр Петропавл полицейлері ұрыларды ұстауға көмектескен тұрғындарды марапаттады

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызының жоғалып кеткендігі туралы Петропавл қаласының тұрғыны 24 наурыз күні арыз берген. Анасы қызының күндізгі сағат 12.00-дер шамасында ешкімді ескертпей шығып кеткенін айтқан. Бойжеткеннің белгілерін, киген киімі туралы полицейлерге мәлімет берген әйел өздерінің былтыр жазда Тараздан Петропавлға қоныс аударғандарын жеткізіпті. Айтуынша, қызы қаланы дұрыс білмейді.

Із-түзсіз кеткен қызды табуға полицияның бірнеше басқармасының мамандары жұмылдырылды. Оларға бұл жолы да Lider.kz волонтерлер қозғалысы көмекке келді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жоғалған бойжеткен 26 наурыз күні сағат 12.30 шамасында аман-есен табылды. Ол екі күн бойы Петропавлдың орталық аумағында тұратын таныстарының үйінде болыпты. Полицейлер оны Екінші қалалық полиция бөліміне жеткізіп, анасына табыс етті.

СҚО ПД Криминалды полиция басқармасы мамандарының мәліметінше, жыл басынан полицияға хабарсыз кеткендер жайында 38 арыз түскен. Олардың барлығы табылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT