+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Петропавлда ветинспектор пара алды деп күдікке ілінді

2020 жылғы 9 шілде 22:31
Бөлісіңіз:
Петропавлда ветинспектор пара алды деп күдікке ілінді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін «Астана АЭК» лауазымды тұлғалары тергеуге алынды Ақмола облысында бухгалтер жалған қызметкерлерге заңсыз жалақы аударған

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлім еткендей, ветеринарлық инспектор базар аумағына қара мал мен шошқа етін міндетті тауар сүйемелдеу құжаттарынсыз кіргізген. Бұл қызметі үшін ол кәсіпкерлік субъектілерінен күн сайын жүйелі түрде 2 мыңнан бастап 10 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алып отырған деп күдіктелуде.

Заңсыз әрекетке барған 3 жеке кәсіпкер де енді жазаға тартылуы мүмкін, оларға қатысты пара беру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Бұл факті сыртқы талдау барысында анықталғандай бақылау-қадағалау функциясын жүргізудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуынан орын алды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі аясында жариялауға жатпайды», - делінген баспасөз хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT