+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Петропавлда үйдің подъезінде бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

2021 жылғы 7 сәуір 22:02
Бөлісіңіз:
Петропавлда үйдің подъезінде бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда екі күн бұрын 19 жастағы бойжеткенге үй подъезінде шабуыл жасаған ер адам бүгін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда автобус жарық бағанасы мен жарнама қалқанына соғылды Үндістанда жай түсіп, 18 піл қырылды Петропавл тұрғыны бейтаныс адаммен ішімдік ішемін деп 1 млн теңгеге қарызға батты

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 сәуір сағат 18.15 шамасында Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінің подъезінде бойжеткенге шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұған дейін бірнеше рет сотталған екен.

«Қазіргі уақытта ұсталған ер адам Петропавл қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс толық, жан-жақты, барлық жағдайлар ескеріле отыра объективті тергеледі, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, 5 ақпан күні сағат 20.00 шамасында Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінің подъезінде 19 жастағы бойжеткенге белгісіз ер адам шабуыл жасаған еді. Ол қыздың тамағына пышақ тақап, зорламақ болған. Айғайды естіген көрші бойжеткенді құтқарды, ал ер адам қашып кеткен еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT