Петропавлда үш жүзге тарта саяжайды әлі су басып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Су тасқынының өту және су тасқынына қарсы биылғы шаралар туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Оның берген ақпаратына сәйкес, облыс аумағында су тасқының екінші толқыны болмайды. Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 109 пайызды құрап отыр. Тоғанның жотасынан судың асып төгілу мөлшері - 52 см. 19 сәуірден бастап ол мөлшер тұрақты түрде төмендейді. Петропавл су қоймасындағы деңгей - 115 пайыз. Мұнда су деңгейінің төмендеуі 3 мамырдан басталған. Тек бір тәулік бұрын су деңгейі ол жерде 24 сантиметрге төмендеген. Антон Федяевтың айтуына қарағанда, аптаның соңына дейін деңгей жобалық өлшеммен сай келуі тиіс.

«Тасқын болған кезде облыс аумағында су алып кеткен үйлер тіркелмеді. Қайтыс болған адам, өлген мал жоқ. Саяжайлы жер телімдерін су алып кету жағдайлары Петропавлда және қала шетінде тіркелді. Өзен суының жайылып кетуіне байланысты 1200-ін су алған. Қазір су жылыстағанымен, 300 жер телімін әлі де су басып жатыр» - деді облыс әкімінің орынбасары.

Су тасқынының оңай қайтуына қар қорының төмендігі мен көктемнің ұзара түсуі себеп болған.

«Жоспарланған барлық шаралар су тасқыны басталғанға дейін орындалған. Ең көп шығынды - Жол картасы бойынша атқарылған шаралар талап етті, яғни 3,1 миллиард теңге жұмсалды. Ол қаражаттың басым бөлігі Петропавл қаласының Кожевенный кентіндегі дамбаның құрылысына кетті. Қалған қаржы тазарту және инженерлік құрылымдарға жұмсалды. Ауылдарды айнала үйілген 33 шақырымдық қоршау аса тиімділігін көрсетті», - деді Антон Федяев.

Ал биыл су тасқынына қарсы шараларға 400 миллион теңге жұмсау көзделіп отыр.

«8 шараны жүзеге асыру көзделуде. Негізінен су өткізу құрылымдары мен Уәлихан ауданындағы «Сегіз көл» гидротехникалық құрылымына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған», - деп хабарлады ол.

Өз кезегінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов тағы бір мәрте талдау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Қай жерді қосымша күшейту керек - сол турасында ұсыныстарды әзірлеңіздер. Қосымша жұмыстардың түрлерін қаржыландыруға дайынбыз», - деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар