+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Петропавлда үш туысын пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты

2021 жылғы 22 шілде 16:56
Бөлісіңіз:
Петропавлда үш туысын пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда үш туысын пышақтап, тағы екеуінің өміріне қастандық жасаған 30 жастағы ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды Елордада қаскөйлер қоқыс жинауға арналған контейнерлерді өртеп жіберді Петропавлда көшеде карабин ұстап жүрген мас жігіт ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот бір үйлі жанның қанын мойнына жүктеген қанішерге үкім шығарды. «Өлтіру» және «Өмірге қастандық жасау» баптары бойынша айып тағылған 30 жастағы Бекболат Ғабдуллин өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қайғылы жағдай наурыз айында Петропавлда болды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, алматылық Бекболат Ғабдуллин наурыздың 9-ы Нұр-Сұлтан қаласынан Петропавлға туыстарының үйіне қонаққа келеді. Ер адам еш жерде жұмыс істемеген. Құмар ойынға салынып, қарызға белшеден батқан екен.

«Жәбірленушілердің айтуынша, Ғабдуллин үй ішін аралап, үйдегі құнды заттарға қатысты қызығушылық білдірген. Осыдан-ақ оның туыстарын тонамақ болғаны байқалады. Үй иелеріне пышақпен ұмтылғанда да маған ақша керек деп айқайлаған», - дейді істі қараған судья Сергей Викторенко.

Наурыздың 10-ы күні Ғабдуллин араққа сылқия тойып келіп, сағат 02.30 шамасында шабуылын бастаған. Алдымен немере інісін темекі шегейік деген сылтаумен шақырып алып, арқасына бірнеше рет пышақ сұққан. жігіт көмекке шақыру үшін екінші қабатқа әжесінің бөлмесіне жүгіреді. Ондағы телефон арқылы қарама-қарсы тұратын туыстарына телефон соғып, есінен танып қалады. Ғабдуллин оның артынан жүгіріп кіріп, ұйқыдағы қарияны да пышақтайды. Кейін 48 жастағы тәтесіне де пышақ сұғады.

«Сотталушының жасаған қылмысы өте ауыр болғандықтан сот оны қоғам үшін қауіпті деп таныды. Сол себепті Ғабдуллин өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді», - дейді Сергей Викторенко.

Сондай-ақ Ғабдуллиннен жәбірленушілердің пайдасына 14,8 млн теңгеден астам материалдық және моральдық шығын өндірілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT