+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Петропавлда үш көлік өртеніп кетті

2019 жылғы 12 қыркүйек 09:58
Бөлісіңіз:
Петропавлда үш көлік өртеніп кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бір көлік өртеніп, артынан тағы екеуі жана бастаған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда 39 жастағы әйелге іздеу салынды Петропавлға дауыл соқты Ақмолада кәмелет жасына толмаған қыз мас күйінде ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт жеке үйдің жанында тұрған Mercedes-Benz көлігінен шыққан. Өрт сөндірушілер хабар түскеннен кейін 10 минутта жеткен, алайда ол уақытта үш көлік өртке оранып үлгерген. Жалын Mercedes-Benz-тің жанында тұрған Toyota және Mazda маркалы көліктеріне қарай ауысқан.

«Тілсіз жау Mercedes-Benz бен Mazda көліктерін жойып жіберді. Toyota-ға зақым келіп, салоны мен көліктің оң жақ бөлігі өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Өртке электр құралдарымен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамауы себеп болуы мүмкін», - деді баспасөз қызметінде.

Өрт сөндірушілер көліктердің техникалық жағдайын, әсіресе электр жабдықтарын үнемі тексеріп отыру қажет екенін ескертті. Автокөліктердің жануына көбіне электр сымының тұйықталуы себеп болады. Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласып, оны сөндіру шараларын қабылдау керек.

Автокөлік түгелдей 5-8 минутта өртеніп кетеді.



Авторы: Олеся Жуковень


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT