Петропавлда учаскелік полицейлер жалғызбасты 900-ден астам зейнеткерді анықтады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Полиция департаментінің ұйымдастыруымен қыркүйек-желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйектің 7-сі мен желтоқсанның 1-і аралығында өткен «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы 85 күнге созылды. Осы аралықта солтүстікқазақстандық учаскелік полиция инспекторлары өз әкімшілік учаскелеріндегі үй-үйді аралады. Операция аясында учаскелік полиция инспекторы әр үйде, әр пәтерде болып, тұрғындармен танысып, байланыс орнатты.

Тек Петропавл қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері ғана «Учаске» іс-шарасы барысында көпқабатты үйлердегі 76 900 пәтерді және 14 279 жеке меншік үйді аралаған. Нәтижесінде облыс орталығында 934 зейнеткердің жалғыз тұрып жатқандығы белгілі болды. Олар алаяқтар мен интернет-алаяқтардан зардап шекпеу үшін тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, учаскелік инспекторлар үшін облыс 289 учаскеге бөлінген, онда 89 мың 800 көпқабатты үй мен 12 мың 569 жеке меншік үй орналастқан.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 211 мың 500 астам баспана тексерілді. Тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының есебіндегі 5 мың 664 адам тексерілді, оның 862-сі түзету мекемелерінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар.

Облыс бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 7 мың 553 азаматтық қару иесі де тексерілді. Қаруды сақтау ережелерін бұзудың 101 дерегі анықталып, 17 мылтық алынды.

Жалпы операция өткен 85 күн ішінде СҚО-да барлығы 11 мың 539 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 2 мыңнан астамы алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарда жүруге қатысты.

«Учаске» операциясы жылына бір рет өтеді. Биыл іс-шара аясында «тірек» пункттерінің мекенжайлары, байланыс телефондары, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының суреттері әлеуметтік желілердегі облыстық және қалалық полицияның ресми парақшаларында жарияланды.


Соңғы жаңалықтар