+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Петропавлда тұрмысы нашар 140 отбасы полиция есебінде тұр

2021 жылғы 10 қазан 14:00
Бөлісіңіз:
Петропавлда тұрмысы нашар 140 отбасы полиция есебінде тұр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер «Заң және жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үш күн рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ер адам бөтелкелесін өлтірді деген күдікпен ұсталды - Алматы облысы Ақтөбеде елік пен қоян атып алған күдіктілер қолға түсті Елордада мыс кабель ұрлаған 4 жігіт ұсталды

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Заң және жасөспірім» операциясының басты мақсаты – жасөспірімдер арасында қылмыстар пен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шараға білім беру, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өкілдері және волонтерлер қатысты.

«Жыл басынан бері 95 қолайсыз отбасы есепке қойылды. Жалпы, қазір қалалық полиция басқармасында 144 отбасы есепте тұр. Олармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Бір күнде тұрмысы төмен 82 отбасы тұрғылықты жері бойынша тексерілді», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева.

Іс-шара аясында ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын жасөспірімдердің көп шоғырланатын жерлерінде және көңіл көтеру орындарына рейдтер өткізді. Жалға алынған пәтерлер, дәмханалар, компьютерлік клубтар, сауда үйлері – сағат 23.00-ден кейін осы орындар құқық қорғау органдарының ерекше назарында болады. Рейдтік іс-шараның бірінші күнінде қызметкерлер түнгі қалада жүрген кәмелетке толмаған 13 баланы үйлеріне қайтарды.

Профилактикалық іс-шара барысында мектептерде «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі», «Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелері», «Жол қозғалысы ережелері», «Қазіргі заманғы жанұядағы құндылықтар», «Үйден рұқсатсыз кету және олардың себептері» тақырыптарында дәрістер мен әңгімелер өткізілді.

Жыл басынан Петропавлда 789 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 65-і – балалардың спирттік ішімдіктерді ішкені, 33-і – көңіл көтеру орындарында болғаны, 528-і – тұрғын үйден тыс жерде түнгі уақытта жүргені үшін жазаланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT