Петропавлда тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бүгін таңертең тұрғын үй отқа оранды. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан үй иесінің жансыз денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңғы 9-дарда болған. Өрт сөндірушілерге «Петропавл қаласындағы Февральский көшесіндегі 10-ыншы үй жанып жатыр» деген хабар түседі. Мамандар жеткенше бір қабатты үй түтінге оранып, ішкі қабырғалары мен төбесі жана бастаған. Жалынды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 1957 жылы туған үй иесінің денесін тапты.



Өрттің салдарынан үйге кіреберіс - 25 шаршы метр аумақ толық жанып кетті. Әзірше жалынның неден шыққаны, келген шығын мөлшері белгісіз.

Мамандардың мәліметінше, жыл басынан СҚО-да өрттен 24 адам қаза тапса, соның біреуі – бала. 14 адам түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ 34 тұрғын құтқарылды.


Соңғы жаңалықтар