Петропавлда тұрғылықты мекенжайы жоқ 196 адам тіркеуде тұр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Күн күрт суытып, қыстың түскендіктен полиция қызметкерлері қалада тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды іздестіре бастады. Оларды үсік шалып қалудан сақтау үшін кезбелер көп шоғырланатын жерлер тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция құдықтарды, жылу құбырларын, қараусыз қалған ғимараттарды аралап жүр. Қазіргі уақытта Петропавлда 196 адам қаңғыбас ретінде тіркелген. Олардың 71-і әйел адам.

Полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды қабылдайтын бөлімге жеткізеді, бұл жерде қылмысқа қатысы бары-жоқтығын тексеру үшін саусақ таңбалары алынады.

«Бөлімшеде тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға медициналық көмек көрсетіледі. Бір мезгіл ыстық ас береміз. Көшеде, подъезде жүрген адамдарды көрсеңіздер хабарласуларыңызды сұраймыз», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының Қабылдап-тарату бөлімінің бастығы Руслан Әлібаев. 

Автор: Ақерке Дәуренбекқызы

Соңғы жаңалықтар