Петропавлда түнгі клубтың алдында екі қызды машина қағып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда автомобиль екі бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі түнгі клубтардың бірінің маңында болған жол апаты оқиғасын растады. Келеңсіз жағдай таңғы сағат 4:30-да болған.

«Лексус» автокөлігінің жүргізушісі екі қызды қаққан жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Зардап шегушілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, екеуі де ауыр халде. Бойжеткендердің бірінің жабық бас сүйек-миы зақымдалған.

Соңғы жаңалықтар