Петропавлда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда төрт жасар бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиға түске қарай Амангелді көшесінің бойында болған.

«Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қалай құлағаны анықталуда», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәбидің өте ауыр халде жатқанын хабарлады. Бұл жыл басынан бері болған төртінші оқиға. Бұған дейін терезеден құлаған балалар қаза тапқан еді.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар