Петропавлда тоғыз қабатты үйден өрт шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында тоғыз қабатты тұрғын үй өртеніп, 37 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«7 сәуір күні сағат 15:34-те өртке қарсы қызмет пультіне Петропавл қаласындағы Батыр Баян көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің өртенуі туралы хабар келіп түсті. От тоғызыншы қабаттағы балконда тұтанып, көрші балконға ұласқан. Салдарынан 15 шаршы метр аумақ өртенді», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер автобаспалдақ арқылы 2010 жылы туған баланы құтқарды. Сонымен бірге, 37 тұрғын (оның ішінде 8 бала) эвакуацияланды.

«Өрт сағат 16:08-де оқшауланды және 16:11-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге СҚО ТЖ депаратментінің 19 жеке құрамы мен 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген ресми хабарда.

Соңғы жаңалықтар