+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Петропавлда тез бұзылатын тауарды тасымалдайтын вагондар құрастырылады

2019 жылғы 20 тамыз 21:25
Бөлісіңіз:
Петропавлда тез бұзылатын тауарды тасымалдайтын вагондар құрастырылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда тез бұзылатын азық-түлікті тасымалдауға арналған вагондар құрастырыла бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ мен «CОLL INFINITY» ЖШС-ның ынтымақтастығы нәтижесінде тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған изометриялық вагондар шығарыла бастайды.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Нарықтық жағдайда тұрақты даму мақсатында зауыт жаңа жобаны қолға алды.

«COОL INFINITY» ЖШС-нің конструкторлық құжаттамасы бойынша кәсіпорында өндірістің толық циклы жолға қойылған. Инжинирингтік орталық өз күшімен стапельді стендтік жабдықты жобалады. Әлеуетті серіктестерімізбен сатылымдардың көлемі туралы келіссөздерге дайынбыз. Жаңа жоба кәсіпорындардың өндірісін толық жүктеуге мүмкіндік беретіні маңызды», – деді «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Вадим Шақшақбаев.



Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпорын өкілдері және «CОLL INFINITY» ЖШС бас директоры Валентин Каргин «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Евгений Больгертке вагондар өндірісіне қажетті құжаттарды жедел әзірлеп, изометриялық вагондардың сертификатталғандығы туралы ақпарат берді.

«Серіктесті іздеу кезінде көптеген кәсіпорындар қаралды. Таңдау «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамына түсті. Өйткені кәсіпорыннан бізге қажетті әлеуетті байқадық. Біріншіден, зауытта жоғары білікті дәнекерлеуші-мамандар және слесарь-жинаушылар жұмыс істейді. Екіншіден, конструкторлық-технологиялық бөлімнің әлеуеті жоғары. Осының бәрі бізге ақпан айынан бастап қысқа мерзімде вагондарды өндіру, жинау тізбектерін жолға қою, сәйкес келу сертификатын алуға мүмкіндік берді», – деді ЖШС бас директоры Валентин Каргин.

Кездесу барысында Евгений Больгерт изометриялық вагондарды жасаудың барлық кезеңдерімен танысты.

«Қазақстандық, сыртқы нарықтарда сұранысқа ие, жаңа үлгідегі вагондарды жасау бойынша жоба іске асырылды. Бұл вагондар Қазақстанның транзитті және экспортты әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Біз «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ өнімін Ресей Федерациясы нарығына шығару бойынша жоспарды жасап қойдық. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нарықта сұранысқа ие өнім шығаратын, импортты алмастыру бойынша мәселелерді шешіп, экспортқа бағытталған тауар ұсына алатын кәсіпорындарға кешенді қолдау көрсету үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өтінім жасамақ», – деді Евгений Больгерт.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және оның инвесторы – «CОLL INFINITY» ЖШС ықтимал серіктестермен кездесуге дайын және изометриялық вагондар өндірісі көлемін арттыруды көздеп отыр.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT