USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Петропавлда теректің мамығы жанып, 1,5 гектар аумақты өрт шалды

2021 жылғы 9 маусым 03:23
Бөлісіңіз:
Петропавлда теректің мамығы жанып, 1,5 гектар аумақты өрт шалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы саяжайлардың бірінің қасында теректің мамығы өртеніп, 1,5 га жер жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үш қабатты ғимараттан өрт шықты СҚО-да биыл  өрттен 2 адам қаза тауып, 5 адам жарақаттанды Ақтөбеде студенттер жатақханасынан өрт шығып, 131 адам эвакуацияланды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 маусым күні сағат 18.05 шамасында 101 нөміріне Петропавлдағы Заречный кентінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түседі. Есіл өзенінің бойында, «Искра» саяжайының қасында теректің мамығы тұтанып, өрт кепкен шөпке жайылған.

Оқиға орнына №2 және №3 өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды. 1,5 га жайылған өрт тек бір сағаттан кейін ғана толық сөндірілді.

Мамандардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Келген шығын мөлшері анықталатын болады.

Бұған дейін СҚО-да терек мамығынан өрттердің жиілеп кеткенін айтқан едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT