Петропавлда тепловоз автокөлікпен соқтығысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда темір жол өткелінде кезекті жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апат орнынан түсірілген фотосуреттерде тепловозбен соқтығысып бүлінген көлік бейнеленген. Әлеуметтік желілерге тарған суреттердің астына қалдырылған пікірлерде «Citroën C4» маркалы көлікті әйел адамның тізгіндегені жазылған. Бұл оқиғаға қатысты полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсінік берді.

«Оқиға орнына жеткенде «Citroën C4» маркалы көлігінің 50 жастағы жүргізушісі Жол қозғалысы ережесінің 2.5 «STOP» белгісінің талаптарын бұзғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, екі жүргізуші де мас болмаған. Тергеу жүріп жатыр. Автокөлік жүргізушісіне қатысты материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, темір жол өткелінде осыған ұқсақ жол-көлік оқиғасы наурыз айында болған еді.

Автор: Олеся Жуковень


Соңғы жаңалықтар