Петропавлда техникалық байқаудан өтпеген автобустар жолаушы тасымалдаған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жолаушылар тасымалымен техникалық байқаудан өтпеген автобустар айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтті. Үш күнге созылған рейд барысында қоғамдық көліктерге қатысты көптеген заң бұзушылықтар анықталған.

«Рейд жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Үш күн ішінде автобустарды заңсыз жолмен қайта жабдықтаудың 9 фактісі анықталды. Олардың барлығы басқа облыстарда тіркеуде тұрған көліктер», - деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы, қоғамдық көліктердің жүргізушілері тарапынан барлығы 827 бұзушылық анықталған.

null
«Автобустардың арасында бағытқа шықпас бұрын тексерістен өтпеудің 10 фактісі және техникалық байқаудан өтпеген 18 автобус анықталды. Қоғамдық көліктердің техникалық жағдайына немқұрайлы қарағаны үшін автобус парктерінің 4 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды», - деді басқарма басшысы.

СҚО ПД баспасөз қызметінен хабарланғандай, «Жолда қабылдау» екікүндік акциясы аясында да көлік құралын қайта жабдықтау бойынша, яғни автотюнинг жасағысы келетіндерден, автобустарында жолаушылар отыратын орындықтар санын көбейтіп, көліктеріне газ құрылғысын орнатқысы келетін жүргізушілерден сұрақтар көп түскен.

Мамандардың айтуынша, қайта жабдықтауға рұқсат алу үшін СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасына жүгіну қажет.

null

Соңғы жаңалықтар