Петропавлда тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан сарбаздарды еске алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 сарбазды еске алу шарасы өтті. Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

Қаза тапқан қазақстандықтардың есімдері ойып жазылған ескерткішке қоғамдық ұйым өкілдері, тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдардың ардагерлері, әскери қызметкерлер, Әскери институттың курсанттары мен мектеп оқушылары гүл шоқтарын қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Ішкі әскердің жедел қызмет бөлімдерінің екі мыңнан астам сарбазы мен офицері Қазақстан Республикасының бөлек атқыштар құрама батальонының құрамында болып тәжік-ауған шекарасында үкіметтік міндетті орындаған. Ішкі әскердің Шымкент полкінің 7-ші құрама ротасы жауынгерлерінің қаза тапқан күні - 1995 жылдың 7 сәуірі.

Ол күні Тәжікстан Республикасындағы Пшихавр шатқалында іргелес қорғаныс құрамынан бандиттік құрамалардың басым түскен күштерімен тең болмаған шайқас жүрді. Бұл шайқас 17 адамның өмірін қиып әкетіп, 33 жауынгер ауыр жарақаттар алды, бірақ біздің сарбаздарымыз әскери борышын лайықты өтеп, Әскери антқа адал болып қалды.

Соңғы жаңалықтар