Петропавлда су деңгейі көтерілді: Жағдай толық бақылауда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-дағы Сергеев су қоймасында су деңгейі екінші рет көтеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РММ СҚОФ мәліметінше, мол су - Ақмола облысынан келіп жатыр. Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 921 см жетті, сыйымдылығы 693 млн текше метр болса, қазір көлемі 842 млн текше метрді құрап отыр. Жиегінен 121 см асып кетті. Сол себепті қазір секундына 714 текше метр су жіберіліп жатыр.

Мамандардың айтуынша, Петропавлдағы жағдай тұрақты. Бір тәулікте мұндағы су қоймасындағы деңгей 4 см-ге көтеріліп, 866 см-ге жетті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Есіл өзені Заречный кенті маңында арнасынан шығып, Челябі-Новосібір бағытындағы республикалық маңызы бар жолды шайып кеткен болатын.

СҚО Төтенше жағдай департаменті мамандарының мәліметінше, жағдай толық бақылауда. Күре жол жабылғанымен, айналма жол жұмыс істеп жатыр, яғни байланыс үзілген жоқ. Ал Заречный кентінің жанында арнайы бекет ашылып, құтқарушылар өтімділігі жоғары автокөлікпен кезекшілік атқаруда.

Соңғы жаңалықтар