Петропавлда шағын автобустың неден өртенгені анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда мамандар шағын автобустың неден өртенгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автобустың өртенуіне электр жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болған.

«Автобус аялдамасында өрт шыққаны туралы ақпарат 19:52-де келіп түсті. Тез арада өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылы оқиға орнына жөнелтілді. 19:59-да өрт сөндірушілер келіп жеткенде автокөлікті толығымен жалын шарпыған болатын. Өрт 20:03-те ауыздықталып, 20:09-да сөндірілді. Тілсіз жау 10 шаршы метр аумақты қамтыды», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Қызыл жалын шағын автобусты толығымен бүлдіріп, жарамсыз етіп тастаған. Департамент мамандары автокөліктің 5-8 минутта толық жанып кететінін айтып отыр.

«Электр өткізгіштің қысқа тұйықталуы - автокөлік өртіне әкеліп соғатын өте кең таралған себеп. Автокөліктің техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыру керек, әсіресе электр жабдықтарын назарда ұстаған жөн. От тұтанғанда тез арада өрт сөндірушілерді шақырып, қолдан келгенше өртті сөндіруге тырысу керек, сондықтан, әр автокөлікте жұмыс істеп тұрған өрт сөндіргіш болуы тиіс», - деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі.


Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар