USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Петропавлда рұқсат құжаттары жоқ алкоголь және темекі өнімдері тәркіленді

2022 жылғы 14 қаңтар 14:35
Бөлісіңіз:
Петропавлда рұқсат құжаттары жоқ алкоголь және темекі өнімдері тәркіленді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы қоймалардың бірінен лицензиясы жоқ, шыққан жері белгісіз 520 литр спирттік ішімдік және 259 блок темекі өнімі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы трагедиясы: Бренд киімдер дүкенін тонаған 3 күдікті ұсталды Қызылорда облысында төтенше жағдай режимін бұзған 44 адамға айыппұл салынды Алматы облысында заңсыз митингілер ұйымдастырылмақ: Серік Күдебаев үндеу жасады

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рұқсат құжаттары жоқ өнімді Петропавл полицейлері қаланың Бостандық көшесіндегі қоймалардың бірінен тапқан. Лицензияланбаған спирт қосылған сұйықтық пластик бөтелкелерде сақталған. Сондай-ақ шыққан жері белгісіз акциздік маркасы жоқ темекі өнімі де анықталды. Тексеру барысында тауар облыс орталығының 36 жастағы тұрғынына тиесілі болып шықты. Нәтижесінде 520 литр алкоголь бар сұйықтық, сондай-ақ 259 блок темекі тәркіленді. Сараптама тағайындалды.

Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садуловтың айтуынша, құрамында спирт бар өнімдерді, сондай-ақ акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерін сату және сақтау фактісі бойынша тауар иесіне қатысты әкімшілік материал жиналды. Баптың санкциясымен жеке тұлғаларға қатысты 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген. Жыл басынан бұл СҚО полицейлері тәркілеген лицензияланбаған алкогольдің ең ірі партиясы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT