Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 18 °С
USD 339.95 EUR 392.64
RUB 5.30 CNY 52.51
Жаңалықтар

Петропавлда ресурстық робототехника орталығы ашылды

2018 жылғы 15 наурыз 00:43 1202
Бөлісіңіз:
Петропавлда ресурстық робототехника орталығы ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петрпавл қаласындаға С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Makerspace» ресурстық робототехника орталығы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҰБТ-2018: Аудиторияларға ұялы байланыс сигналын тұншықтыратын жаңа қондырғылар орнатылды Қазақстандық түлектерге грант саны туралы ақпарат беріледі

«Бұл орталық жалпы білім беретін мектептерге өте қажет. Мұнда балалармен қатар ересектерге де арналған құралдар бар. Атап айтар болса, электрондық құрылғыларды қашықтықтан қосуға мүмкіндік беретін арнайы аспаптар бар, бұл микробақылау арқылы түрлі дүниелер жасауға болады», - дейді Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі информатика пәнінің мұғалімі Виталий Мельников.

Қажетті оқулықтар мен құрылғыларды кітапханаға Қазақстандағы АҚШ Елшілігі жеткізіп берген. Орталықта «Бағдарламалау негіздері» факультативтік курстарын күшейту жоспарланған.

Петропавлда ресурстық робототехника орталығы ашылды
Кітапхана қызметкерлері «Makerspace» орталығына кез-келген адам келе алатынын айтады. Әзірге сабақтар тәлімгердің көмегімен аптасына екі мәрте ұйымдастырылады. Егер сабаққа деген сұраныс жоғары болса, кітапхана робототехника сабақтарын күн сайын өткізбек.

Петропавлда ресурстық робототехника орталығы ашылдыМейкерлер қозғалысы АҚШ пен Ресейда жақсы дамыған. Қазақстанда 2015 жылы пайда бола бастады. Ондағы басты мақсат -  кез келген адам электрондық заттарды өз қолымен жасап үйренеді. Мейкерлердің ең көп әуестенетін дүниелері робототехника, электроника, 3D-көшірмелер, бейне ойындар жасау және осыған ұқсас басқа да мүмкіндіктер.
Петропавлда ресурстық робототехника орталығы ашылды

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат