Петропавлда Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен өтетін Аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық жүріп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында 2016 жылы Қазақстан және Ресей президенттерінің қатысуымен өтетін Аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық мәслихаттың 34-ші сессиясында сөз сөйлеген аймақ басшысы Ерік Сұлтанов айтты.

«Мемлекет басшысының келісуімен 2016 жылы Петропавлда өтетін ХІІІ Аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Облыс орталығының 21 көшесін жөндеу, жаңа жайлы қонақүйлерді салу, қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан қонақүйлерді жаңғырту жұмыстары белгіленді», - деді Е.Сұлтанов.

Қаланың орталығында кейіннен әлеуметтік-мәдени мақсатта пайдаланылатын Достық үйінің ғимараты салынбақ.

«Форумды Петропавл қаласында өткізу облыс экономикасының дамуына айтарлықтай импульс беріп, өз кезегінде, аймақтағы іскерлік және инвестициялық белсенділікті көтереді», - деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар