Петропавлда «Qyzyljar Jastar Fest» спорттық фесивалі өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Qazaqstan Jastar Fest» республикалық челленджіне орай спорт фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен республикалық «Qazaqstan Jastar Fest» челенджі бастау алды. Бұл шараға петропавлдықтар да үн қосып, бүгін орталық алаңда спорт мерекесі өтті.

Акцияға «Нептун» фитнес клубы, «My dream center» фитнес орталығы, тай боксының федерациясы мен Петропавлдың спорт ұйымдары қолдау көрсетті. Сондай-ақ фестивальға қала тұрғындарынан басқа мектеп-колледждердің, жоғары оқу орнының студенттері келіп, белсенділік танытты.

Спорт мерекесі барлығының басын біріктірген жаттығудан басталды. Кейін фитнес-жаттықтырушылардың басқаруымен ол көңілді биге ұласты.

Спорттық шарада келушілер назарына футбол, армрестлинг, теннис, гір спорты түрлері жұртшылық назарына ұсынылды. Олар тоғызқұмалақ, шахмат ойнауға мүмкіндік алды.

«Жастар жылы аясында өткізіліп жатқан шараны облыс орталығының спортсүйер қауымы бірден қолдады. Бүгін қала тұрғындары мен спортшылар бірігіп жаттығулар жасады. Түрлі спорт түрлерінде бақтарын сынап көреді. Спортпен айналысатын адамның денсаулығы да, рухы да мықты болады. Шараның басты мақсаты да осы, саламатты өмір салтын ұстануға, спортпен тұрақты шұғылдануға шақыру», - дейді СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім жетекшісі Виктор Бестик.

Ұйымдастырушылар спорттық викторинаны да ұмыт қалдырмай, дұрыс жауап бергендерге бағалы сыйлықтар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар