+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Петропавлда провизорлық стационардың біреуі жабылды

2020 жылғы 15 тамыз 10:53
Бөлісіңіз:
Петропавлда провизорлық стационардың біреуі жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жоғары оқу орнының жатақханасында ашылған провизорлық стационар жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Израильде карантин, ЕО елдеріндегі жаңа шектеулер пайда болды Қазақстанда осы уақытта 3 684 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр Өткен тәулікте коронавирустың белгісі бар пневмониядан бір адам қайтыс болды

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт артуына байланысты шілде айының басында оқу орнының жатақханасында провизорлық стационар ашуға тура келді. Нысан толығымен қажетті медициналық қондырғымен, дәрі-дәрмекпен, жатын орынмен қамтылды. Стационарда жұмыс істеген медициналық қызметкерлер 452 науқасты вирустан емдеп, жазды.

Қазіргі уақытта өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Осыған орай провизорлық орталықтағы соңғы сырқаттардың бір бөлігі үйіне жіберіліп, енді бірқатары облыстық көпсалалы ауруханаға ауыстырылды.


Бұған дейін СҚО-дағы провизорлық және инфекциялық стационарларда медициналық көмек көрсету бойынша жағдайдың тұрақталды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде бес есе – 271-ден 51-ге дейін азайған.

Стационарларда емделіп жатқандардың саны 2 есе - 94%-дан 38%-ға дейін қысқарды.

СҚО-да 14 тамызда 28 адамда коронавирус инфекциясы анықталып, жұқтырғандардың жалпы саны 3 699-ға жетті. COVID-19-дан 2 549 адам жазылды.

Ал жұмыс орнында коронавирус жұқтырған медициналық қызметкерлерге 2 млн теңгеден төлем беріле бастады. СҚО-да осындай әлеуметтік төлемді 48 адам алмақ.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT