Петропавлда полицейлер ҰОС ардагері Иван Козинді 90 жасқа толу мерейтойымен құттықтады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы милиция подполковнигі Иван Козин 90 жасқа толды. Ардагерді мерейтойымен полицейлер құттықтады, деп хабарлайды СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Иван Козин майданға 1943 жылы шақыртылған. Связист болып, Беларусь, Шығыс Пруссияны азат ету іс-қимылдарына қатысқан, Берлинге дейін жеткен. Оның көптеген наградалары, бас қолбасшы Сталиннің атынан берілген алғысы бар. Екі рет жарақаттанған. Соғыс аяқталған соң, Иван Гаврилович милицияға қызметке келіп, ширек ғасырға жуық уақыт ІІБ-ның төлқұжат бөлімінде жұмыс істеген», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар