Петропавлда полицейлер қазақ күресінен өзара бақ сынасты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында еліміздің полицейлері арасында қазақ күресінен өткен жарыста үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ІІМ чемпионаты Астананың 20 жылдығына арнап ұйымдастырылды.

«Петропавлда ұлттық күрестен үлкен турнир өтіп жатқаны қуантады. Мұндай шаралар спорттың осы түрін дамытуға серпін береді», - Қазақстан қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев.

nullТурнирде Астана, Алматы қалаларының, облыстардың ішкі істер департаменттерінен, мамандандырылған күзет қызметі басқармасынен, Ұлттық гвардиядан, қылмыстық атқару жүйесі департаментінен, сондай-ақ Төтенше жағдайлар комитетінен 48 спортшы 80 кг, 90 кг және 90 килограмнан ауыр салмақ санаттары бойынша кілемге шықты.

null«Турнир қатысушылары барлық аумақтық бөлімшелерде өткен өңірлік сайыстарда іріктелді. Біріншілікті ұйымдастырудағы басты мақсат - полицейлердің дене дайындығын арттыру, ұлттық күрес дағдыларын жетілдіру, ҚР Ішкі істер министрлігінің түрлі бөлімшелері қызметкерлерінің арасында достық байланыстарды нығайту», - дейді ҚР ІІМ «Динамо» ДСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов.

Турнирдегі жалпыкомандалық есепте үшінші орын ҚР Ұлттық гвардиясынан келген спортшыларға бұйырды. nullекінші орынды Маңғыстау облысының полицейлері иеленді. Ал бірінші орынды солтүстікқазақстандық балуандар жеңіп алды.


Турнирге белгілі спортшылар да келді. Онда араға 44 жыл салып қазақ күресінен 1974 жылғы Қазақстан чемпионатының финалында күш сынасқан Ұлас Момынұлы пен Бауыржан Құлжанов кездесті.

Айта кетейік, сол чемпионат ұлы спортшы Қажымұқанның туған өлкесінде өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар