+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Петропавлда полицейлер алаяқ әйелге алданғандарды іздестіріп жатыр

2019 жылғы 8 қараша 19:54
Бөлісіңіз:
Петропавлда полицейлер алаяқ әйелге алданғандарды іздестіріп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласының полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған әйелдің ісі бойынша жәбірленушілерді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда екі күн ішінде 50-ге жуық интернет-алаяқтық фактілері анықталды Ақмолада алаяқ әйел «қаржы пирамидасын» құрып, өзі шетел асып кеткен Ақтөбелік жұмысқа орналасу үшін 1 млн теңге беріп, алданып қалды

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық полиция басқармасына қала және аудан тұрғындарынан алаяқтық фактілері бойынша бірнеше арыз келіп түсті.

«Әйел таныстарына сыйақыға жоғары білім туралы диплом немесе жүргізуші куәлігін, ал кейбіреуіне әкімдік арқылы пәтер алып беруді «ұсынған». Әдетте, қызметі үшін 350 мың теңге алып отырған, ал бір жағдайда «көмегін» 700 мың теңгеге бағалаған. Алаяқ кейбір клиенттеріне көмек қажет тағы бір адамды ертіп келген жағдайда, жеңілдік жасайтынын айтқан», - дейді тәртіп сақшылары.

Уәденің орындалуын күте-күте шаршаған кейбір жәбірленушілер полицияға арызданыпты.

Жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті анықталды. Ол Петропавл қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Қазіргі уақытта алаяқтың әрекетінен зардап шеккен адамдардың саны анықталып жатыр. Алайда қылмыстық істің сипатына қарай жәбірленушілердің бәрі бірдей арыз жазуға дайын емес. Соған қарамастан біз жәбірленушілерден полицияға жүгініп, қылмысты толық ашуға көмектесуін сұраймыз», - дейді Петропавл қалалық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Марат Жанғожинов.

Бүгінгі таңда күдіктінің 10 эпизодқа қатысы бары анықталды. Келген шығынның сомасы - 3 млн теңгеден асады. Полицейлердің пайымдауы бойынша, жәбірленушілердің саны бұдан да көп болуы мүмкін. Тергеу жүріп жатыр.

Жыл басынан облыс орталығында алаяқтық фактісі бойынша 174 қылмыстық іс сотқа жетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT