Петропавлда полицейлер абаттандыру тәртібін бұзғандарды анықтап жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында 3 айдың ішінде аббаттандыру қағидаларын бұзудың 748 дерегі тіркелді. Тәртіп сақшылары 28 жағдайда ғана айыппұл салып, қалғандарында ескерту жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары абаттандыру ережелерін бұзғандарды анықтау мақсатында рейдтерді күшейтті. Полицейлер заңды бұзғандарды, әзірше ескертіп жатыр. Ескертуді елемегендерге айыппұл салынады.

«2019 жылы 748 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың 28-і бойынша айыппұл салынса, қалған 720-на ескерту жасалды. Аталған құқық бұзушылықтар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабымен ескерту немесе айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғаларға - 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», - дейді Петропавл қалалық ПД жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Руслан Шәкіров.

Жыл сайын көктем келісімен қоқыс шығару өзекті мәселелердің біріне айналады. Құрылыс пен тұрмыстық қалдықтар, күл үйінділерін тұрғындар дер кезінде шығаруы үшін учаскелік полиция инспекторлары аулалық тексеріс жүргізеді. Петропавл қаласында жыл басынан абаттандыру ережелерін бұзудың 748 фактісі анықталған. Құқық бұзушылардың басым бөлігіне бұл жолы ескерту жасалды.

Соңғы жаңалықтар