Петропавлда пәтерлерге жылу берілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биыл Петропавлда жылыту маусымы әдеттегіден екі апта ерте басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдік былтырғы қателіктерге жол бермес үшін ерте қосқанын атап өтті. Биыл кестені қайта қараған.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша, жылуды бірінші кезекте балалар бақшасы мен ауруханаларға береді. Қазіргі таңда қаладағы әлеуметтік нысандардың 70%-ы қосылған.

Көп қабатты тұрғын үйлерге де жылу берілген.

«Тұрғын үй қоры өтініш бойынша қосылады. Биыл 600 төрағаға үйді жылыту маусымына дайындау кезінде алдымен не істеу қажеттігі туралы хабарладық. Оны 30%-дан астамы орындады. Қала тұрғындары үйлердің жеке меншігі екенін түсінуі тиіс», - деді Петропавл әкімінің кеңесшісі Анатолий Мишин.

Петропавлда барлық тұтынушыларды жылуға қосу 10 күннің ішінде аяқталады.

 

Соңғы жаңалықтар