Петропавлда пәтері өртенген қария ауруханаға түсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда пәтер өртеніп, түтінге уланған 89 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға 19 мамырда түскі бірлер шамасында болған. Солтүстік Қазақтсан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 101 нөміріне Петропавлдағы Хименко көшесіндегі 5 үйде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде 5 қабатты үйдің үшінші қабаты жанып, үстіңгі қабаттар түтінге оранған екен.

Құтқарушылар бесінші қабаттан 68 жастағы әйел адамды және 89 жастағы ер адамды арнайы киіммен алып шықты. Әйелге дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ, ал түтінге уланған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Бұдан басқа тағы 16 адам, соның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Жалынның көрші пәтерлерге таралуынша мүмкіндік бермеген мамандар, оны жарты сағаттың ішінде толық сөндірді.

«Оқиға орнынан газ баллоны шығарылды. Ауладағы көліктердің көптігінен автосатыны дер кезінде қолдану мүмкін болмады. Бұл - қиындық тудырды», - делінген ақпаратта.

Мамандардың айтуынша, өрт шарпыған аумақ 8 шаршы метр. Пәтердегі тұрмыстық техника мен үй иесінің жеке заттарына зақым келді.

Бастапқы болжам бойынша өрттің шығуына тұрмыстық техника сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Шығын мөлшері, әзірше белгісіз.

Соңғы жаңалықтар