Петропавлда пәтер кезегінде тұрғандарға арналған үйлердің сапасы тексерілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Nur Otan партиясының мүшелері салынып жатқан жалға беру-коммуналдық үйлерге мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг топ мүшелері Петропавлда салынып жатқан жалға беру-коммуналдық үйлердің сапасын көрді. Пайдалануға берілгеннен кейін бұл тұрғын үйлер қалалық әкімдікте кезекте тұрғандар арасында бөлінеді.

Солардың бірі - 2 Первомай көшесіндегі үй. Оның ерекшелігі – бірінші қабатта мүгедектерге арналған көтергіштердің болуы. Басқару панелімен 250 кг дейін жүкті көтеруге болады.

«Біз пәтерлерге кірдік, әрлеу жұмыстары қалай жүргізілгенін көрдік. Атқарылған жұмыстардың сапасы көңілден шықты. Жылу берілді, су бар. Біз «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Кіреберісте лифт орнатылған. Бұл өте маңызды, өйткені пәтерлерді бөлу комиссиясы тексеру кезінде осы тармақтарды ескереді. Біз көтергішті де тексердік», - деді Nur Otan партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңес Мұқышев.


Пәтерлер 100% дайын күйде тапсырылады. Партиялықтар атап өткендей, мұнда көптеген үйлердегідей ағаш есіктер емес, металл есіктер орнатылған. Ас үйде газ плитасы бар. Пәтерлерде қоймалар да қарастырылған.

«Шамамен үйдің құны - 800 млн теңге. Барлық жұмыстар кесте бойынша жасалды, ақша толық көлемде игерілді. Қыркүйек айында жұмыстар аяқталды, қазір жылумен жабдықталды. Біз ұзақ уақыт бойы үйдің екінші жартысын сала алмадық, мұнда екі қабатты тұрғын үй тұрды. Дәл қазір Береке шағын ауданда осы мәселе қайталанып жатыр. Мұның бәрі құрылыс мерзіміне әсер етеді», - дейді «Лира» ЖШС директоры Андрей Радченко.


Сондай-ақ, партиялықтар 2 Первомай, 3 көшесіндегі 93 пәтерлі үйде болды. Оны «Основание» ЖШС салды. Аулалары абаттандырылған, балалар алаңы, тренажерлер орнатылды.Үйлердің сапасына қатысты мониторинг топ мүшелерінен ескертулер болған жоқ.


Соңғы жаңалықтар