Петропавлда өзін өлтірмек болған ер адам құтқарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жылдам әрекет етудің нәтижесінде тәртіп сақшылары асылып өлмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 45 жастағы тұрғыны жедел жәрдем қызметіне хабарласып, оларды ер адамның мәйіті күтіп тұратынын айтқан. «103» диспетчері бірден полицияға қоңырау шалып, ескертеді. Мекенжайға бірен жақын маңда жүрген автопатруль жіберілді. Тәртіп сақшылары Нұрлан Тұрғынов пен Руслан Оразбаев дер кезінде келіп, ер аамды аман алып қалды. Қаланың шетіндегі жатақханалардың бірінде тұратын ер адам өз бөлмесінде, мойнына сым байлап үлгеріпті. Полицейлер үстелдің үстінен қоштасу хатын тапты.

«Көршілерінің айтуынша, ер адам жақында ажырасқан екен. Аздап тыныштандырып, оған жедел жәрдем қызметінің мамандарын шақырдық. Соңғы кезде осындай шақыртуларда байқағанымыз, ең жақын деген адамдар бір-біріне қолдау көрсетпейді. Қандай қиындық болсын – уақытша. Ол да өтеді. Қиындықты жеңу керек, өмірден құнды ештеңе жоқ», - дейді Нұрлан Тұрғынов.


Соңғы жаңалықтар