Петропавлда өзбек кәсіпкерлерінің жәрмеңкесі өтеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Маусымның 1-2-сі күндері Петропавлдағы орталық алаңда өзбек кәсіпкерлерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысына Өзбекстанның Хорезм облысының делегациясы келді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Құмар Ақсақалов Өзбекстаннан келген делегациямен кездесті. Делегацияны Хорезм облысы хокимының бірінші орынбасары Кудратбек Игамбергенов бастап келді. Кездесу барысында екі тарап көптеген салада өзара ынтымақтастық орнату туралы сөз қозғады.

«Жуырда екі елдің басшылары кездесті. Бірнеше келісімге қол қойылды. Біз өңірлік деңгейде жұмыс жасауға дайынбыз. Өзбек бизнесмендерін әріптестікке шақырамын. Біздің жеріміз құнарлы. Өңірге инвестиция құятын болсаңыздар жеңілдіктер бар. Бірлескен жобаларды жүзеге асырамыз деген сенімдемін», - деді Құмар Ақсақалов.

Хорезм облысы хокимының бірінші орынбасары Кудратбек Игамбергенов өзбек тарабы өзара ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

«Қонақжайлық танытқаныңыз үшін рақмет. Қазақстан Өзбекстан үшін стратегиялық серіктес. Біздің тарихымыз ортақ. Біз қазақ достарымызбен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бар жағдайды жасаймыз. Серіктестерді барынша қолдаймыз», - деді Кудратбек Игамбергенов

Петропавлда СҚО және Хорезм облысының бизнесмендері B2B форматында кездеседі.

Соңғы жаңалықтар