Петропавлда өз үйінен полиция инспекторының мәйіті табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қаазақстан облысында өз үйінен полиция инспекторының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір прокуратурасының дерегінде сәйкес, 1990 жылы дүниеге келген учаскелік полиция инспекторы Петропавл қаласының полиция басқармасында жұмыс істеген.

«Оның денесі, кеуде ұсынан салынған пышақ жарақаты белгілерімен өз үйінен табылды», - делінген ақпаратта.

Ресми мәлімет бойынша, ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-і тармағына сәйкес «кісі өлтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, болған оқиғаны Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы растап отыр.

«Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов қаза тапқан адам полиция қызметкері болғанын, бірақ болған оқиғаның оның кәсіби қызметімен байланысты емес екендігін түсіндірді. Тергеушілердің негізгі нұсқасы бойынша кісі өлтіру ұрыс және жағымсыз қарым-қатынас негізінде туындап отыр. Бұл нұсқа бойынша осы қылмысқа қатысы бар ретінде мерт болған полицейдің әйелі тергелуде. Қазіргі уақытта іс бойынша жағдайды толық анықтауға бағытталған қажетті және жедел тергеу әрекеттері жүріп жатыр», - дейді СҚО прокуратурасы.

Сол сияқты хабарламада әзірге тергеу қорытындылары туралы хабарлауға әлі ерте екені айтылады.

«Сот сараптамалары тағайындалады. Ықтимал қылмыс қаруы алынды. Тергеу барысы СҚО прокуратурасының бақылауына алынды. Марқұмның артында 2 кішкентай баласы қалды. Сонымен қатар, қылмыстық процестің үш буынды моделіне өту шеңберінде, прокурорлар тергеушілердің барлық түйінді шешімдерін келісіп және бекітіп қана қоймай, биыл қаңтардан бастап өз беттерінше барлық ерекше ауыр қылмыстар, оның ішінде кісі өлтіру бойынша айыптау актілерін қарастырады», - деп хабарлайды аталған ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар