+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Петропавлда ойын-сауық орындарында түнде жүрген 15 жасөспірім анықталды

2021 жылғы 16 сәуір 22:20
Бөлісіңіз:
Петропавлда ойын-сауық орындарында түнде жүрген 15 жасөспірім анықталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер 14 сәуірден «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады. Нәтижесінде ойын-сауық орындарында түнде жүрген 15 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО әкімі баспанасы өртенген ауыл тұрғындарына көмек көрсетілетінін айтты Петропавлда қураған шөпті өртеу салдарынан бір үй жанып кетті Аудандық ауруханадағы өртті полицей мен дәрігер сөндірді - СҚО

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, операция барысында тәртіп сақшылары жастар көп жиналатын орындарды, ойын-сауық мекемелерін, қала көшелерін назарға алады. Жасөспірімдерге сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жүруге заңмен тыйым салынған. Алайда, адамдар заңнама талаптарын біле бермейді.

Мәселен, Жамбыл көшесіндегі дәмханалардың бірінде полицейлер түнгі уақытта әпкесі және таныстарымен бірге болған 17 жасар жасөспірімді анықтаған. Жастар құқық бұзушылық жасап жатқанын білгенде, таң қалғандарын жасырмады, олардың айтуынша, жасөспірім «ересектердің бақылауында болған».

«Балалардың заңды өкілдері ретінде тек ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлғалар болуы мүмкін. Бұл жағдайда жасөспірімнің ата-анасын және дәмхана иесін жауапқа тартуға тура келді. Іс-шараның екі күнінде жасөспірімдердің сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық орындарында және сағат 23.00-ден кейін тұрғынжайдан тыс жүрулерінің 15 фактісі анықталды. Балаларын тәрбиелеу және асырау бойынша міндеттерін атқармағаны үшін 7 заңды өкіл жауапқа тартылды», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Бұдан бөлек, полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғылықты жері бойынша тұрмысы қолайсыз 56 отбасыны, есептегі тұрған 40 жасөспірімді тексерді. Оқу орындарында полицейлер оқушылармен 50-ден астам кездесу өткізген.

Жасөспірімдер құқықтық сауатсыздықтан, кейбір әрекеттеріне қатысты жауапкершілік көзделгенін түсінбегендіктен, құқық бұзушылыққа жол беріп жатады. Тәртіп сақшылары бұл мәселелерді шешу үшін қылмыстық әрекеттерден сақтану жолдары туралы кеңестер берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT