Петропавлда өтетін QymyzFest фестивалінде ұтысқа жылқы тігілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 17тамыз күні ұлттық тағамдарды насихаттаған «QymyzFest» фестивалі өтеді. Шара аясында ойнатылатын ұтыстың бас жүлдесіне жылқы тігілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда «Қымыз» фестивалі осымен үшінші жыл қатарынан өткізілмек. Бұл жолы шараға өңірдің барлық аудандары ат салысады деп күтілуде. Фестивальге келген қонақтар орталық көшемен өткен керуенді тамашалап, қолөнершілер мен аспаздар сайысының куәсі болады.

«QymyzFest» фестивалінің негізгі бағыты – ұлттық тағамдарымызды насихаттау. Қазақтың ет асу дәстүрін көрсетеміз. Ет пісіруден арнайы байқау да ұйымдастырылады. Облыстың 15 шақты үздік мейрамханасы мен дәмханасы қазылар алқасына қазақша ет асудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл күні ұлттық тағамды небары 400 теңгеге сатып алуға болады және қонақтар қымыздың түр-түрінің дәмін татуға мүмкіндік алады», - дейді ұйымдастырушылардың бірі «СҚО Рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының» төрағасы Сайран Хамзин.


Фестиваль аясында жәрмеңке ұйымдастырылып, облыстың қолөнершілері ағаш, темір, сазбалшықтан жасалған бұйымдарын саудаға шығарады. Ұтыс ойыны іс-шараның көрігін қыздырмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір адамға 10 билет алуға рұқсат етіледі. Данасы 1000 теңге. Ұтысқа бағалы заттар тігілген, ал бас сыйлық иегеріне жылқы бұйырмақ.

Қымыз фестиваліне Қазақстан аймақтары мен көрші Ресей мемлекетінен туризм бизнесінің өкілдері де шақырылды.

Соңғы жаңалықтар