+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Петропавлда отбасының мазасын қашырған 96 отағасы жауапқа тартылды

2020 жылғы 20 ақпан 03:29
Бөлісіңіз:
Петропавлда отбасының мазасын қашырған 96 отағасы жауапқа тартылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – 2020 жыл басталғалы Петропавл қаласында отбасылық-тұрмыстық қатынастарға қатысты үш қылмыстық іс тіркелді, 96 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 67 фактісі анықталды Әйелдеріне қол көтерген 3600-ге жуық жамбылдық есепте тұр

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 ақпан күні ауруханалардың біріне 32 жастағы келіншек сүйек сынығымен түскен. Сөзіне қарағанда, үйдегі жанжалдан кейін оны азаматтық некедегі күйеуі ұрып-соққан. Алған жарақаттарына қарамастан ол сол күні сүйіктісіне еш наразылығы жоқтығы туралы өтініш жазды.

«Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Мамандардың айтуынша, бұл бап бойынша айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда әйеліне қол көтерген 35 жастағы қала тұрғынының жазаға тартылуы неғайбыл, өйткені оны жәбір көруші кешірді.

Жалпы жыл басынан Петропавлда отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында үш қылмыстық іс тіркелді. 96 қала тұрғынына әкімшілік шара қолданылды. Тоғыз жағдайда отбасылық жанжал барысында әйелдер зардап шегіп, екеуі ауруханаға түсті. Сотқа 76 іс жіберілгенімен, оның басым бөлігінде келіншектер жәбірлеушілерін кешірген. Отбасының ойранын шығарған тек 13-і ғана әкімшілік қамауға алынды.

«Әйелдер ұрып-соғуды кешіргендіктен, отбасындағы мұндай қарым-қатынас әдетке айналады. Жұдырығын ала жүгіретіндерге заң бойынша тоқтау сала аламыз. Алайда әйелдер көп жағдайда «жабулы қазан» күйінде қалдырады. Полиция қызметкерлері араласқан күнде де кейін күйеулерін кешіріп жатады. Петропавлдың полиция басқармасында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын топ жұмыс істейді. Оған 39-48-56 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады», - дейді жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағанбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT