Петропавлда өрттен үш адам қаза тапты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентіндегі үйден өрт шығып, салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қаңтар күні сағат 17.00-де «101» телефон нөміріне Петропавлдың Жұмысшы кентіндегі Панфилов көшесіндегі 72- үйде қою қара түтін шығып жатқандығы жөнінде хабар түседі.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер 8 минутта жетті. Шпалдан салынған баспанадан лапылдап жанған от көрінбегенімен, қатты түтіндеп жатты. Көршілер үй ішінде адамдар болуы мүмкін екенін айтты», - дейді өрт сөндірушілер.

Құтқарушылар үй ішінен иіс тиген 28 жастағы үй иесі әйелдің және оның 3 және 1 жастағы екі ұлының денесін алып шықты. Өрттің салдарынан жиһаз бен тұрмыстық техника жанып кетті. Мамандардың бастапқы болжамынша, өрттің шығуына электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар