Петропавлда өрттен құтқарылған 42 жастағы ер адам ауыр халде жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, мамандар жалындаған пәтерден қатты күйік алған ер адамды алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, оқыс оқиға Петропавлда 10 қыркүйек күні болған. Сағат 16:43-те өрт сөндіру қызметіне Астана көшесіндегі бес қабатты үйден өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түскен.

Өрт сөндірушілер келгенде үйдің үшінші қабатынан қалың түтін шығып жатқан. Жалынмен күресе жүріп, мамандар 50 адамды, соның ішінде 15 баланы қауіпсіз жерге шығарады.

Өртке оранған пәтерден автосатының көмегімен 42 жастағы ер адам құтқарылды. Денесінің 85% күйік шалған ол ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Санаулы минутта жалынды ауыздықтаған өрт сөндірушілердің айтуынша, пәтердегі 2 шаршы метр аумақта орналасқан жиһаз жанған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.





Соңғы жаңалықтар