+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Петропавлда өрттен 11 адам құтқарылып, біреуі көз жұмды

2019 жылғы 12 желтоқсан 17:35
Бөлісіңіз:
Петропавлда өрттен 11 адам құтқарылып, біреуі көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда екі қабатты тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда автокөлік жанып кетті Атыраулық полицейлер түтінге оранған үйден үш баланы алып шықты Елордада өрттен екі адам жапа шекті

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, екінші қабаттағы пәтер жанып кеткен. Өрт сөндірушілер келген кезде қатты түтін байқалған, ашық жалында үйдің қабырғалары мен төбесі жанып жатқан.

Өрт болған жерден 48 жастағы ер адам құтқарылды. Бетін 1-2 дәрежелі күйік шалған оны қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Екі қолы, денесі және жоғарғы тыныс алу жолдарын күйік шалған. Денесінің 25%-ы жанған. 71 жастағы үй қожайыны өрттен көз жұмды. Оның денесін өрт сөндірушілер тауып алды.

Үйден 11 адам, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер 3 газ баллонын шығарды.

Пәтердегі өрттің алдын ала себебі – электр желілерінің қысқа тұйықталуы.

Жыл басынан бері аймақта 39 адам өрттен қайтыс болса, 28 адам жарақат алған. 42 солтүстік қазақстандықты құтқарып алған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT