Петропавлда өрт сөндіру машинасы аударылып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Кеше түнде Петропавл қаласындағы жол қиылыстарының бірінде өрт сөндіру машинасы аударылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Шақырту бойынша асығып бара жатқан өрт сөндіруші машинаның жүргізушісі алда кетіп бара жатқан көлікті озамын дегенде көктайғаққа байланысты рульге ие бола алмай қалды. Салдарынан Жамбыл көшесінің бойында қызметтік көлік аударылып қалды. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік материалдар жиналды», - деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.
null 

 

Соңғы жаңалықтар