Петропавлда өрт сөндіру-құтқару спортынан республикалық турнир өтіп жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда өрт сөндіру-құтқару спортынан «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кубогы үшін республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Республикалық жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және ел өңірлерінен 13 команда, 190 спортшы қатысуда. Ерлер және әйелдер құрама командаларының әрқайсысында 8 мүшеден бар. Бұған дейін осындай турнир Шымкент және Алматы қалаларында өтсе, биыл Қызылжар өңірі қарсы алды. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
«Мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Елімізде саламатты өмір салтын қалыптастыруға, дене шынықтыру-спорт салаларын дамытуға ерекше мән беріледі. Бұл жарыс өрт сөндіру-құтқару спортын насихаттап қана қоймай, қызметкерлердің денсаулығын, біліктілігін де арттыруға септеседі», - деді Антон Федяев.
Алғаш болып жарыс алаңына ерлер командасы шығып, кедергілерге толы 100 метр жолды бағындырды. Бірер сағатқа созылған тартысты бәсеке барысында мықтылардың есімі анықталды. СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпыкомандалық есепте шығысқазақстандық команда - бірінші, атыраулық команда - екінші орынды жеңіп алды. Ал Маңғыстау облысының спортшылары үштік қатарынан көрінді.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша жекелей сында бірінші және екінші орынды атыраулықтар - Николай Буторин мен Даниил Пузиков алса, үшінші орын БҚО келген Дмитрий Агафоновқа бұйырды. Турнир екі күнге шақталған.
- СҚО тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болу ескертілді
- «Құлагер» хоккей клубының бас жаттықтырушысы отставкаға кетті
- Бірқатар өңірде автожолдар жабылды
- Елордада және бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
-
Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
-
Кубада қазақ күресі секциясы ашылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам