Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Петропавлда офтальмологиялық диагностикалық орталық ашылды

2019 жылғы 11 қаңтар 21:34 805
Бөлісіңіз:
Петропавлда офтальмологиялық диагностикалық орталық ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда офтальмологиялық диагностикалық орталық ашылды. Бұл жерде солтүстікқазақстандықтар тәуліктің кез-келген уақытында тексерістен өтіп, күрделі көз аурулары бар сырқаттар ем қабылдайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді өңір тұрғындарына көздеріне ота жасату үшін басқа қалаға немесе шетелдерге сабылудың қажеті жоқ. Тәулік бойы жұмыс істейтін офтальмологиялық орталық мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтерді. Жобаны жүзеге асыруға құйылған инвестиция көлемі - 550,4 млн теңге. Екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы 2 мың шаршы метр. Орталық Жапонияда шығарылған заманауи үлгідегі емдеу-диагностикалық құралдармен жабдықталған. Петропавлда бұрын-соңды жасалмаған күрделі ота түрлері енді осы жерде тегін істеледі.

«Халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру - Мемлекет басшысы қойған басты тапсырмалардың бірі. Біздің мақсатымыз - азаматтарымызға өзімізде сапалы медициналық қызмет көрсету. Бұрын көрші облыстарда, шет мемлекеттерде жасалып келген көптеген оталарды енді өзімізде жасай аламыз. Орталықта көз ауруларына ерте диагностика жасалып, тиімді емделу үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Көптеген ота медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында тегін жасалатын болады. Жалпы, емдеу мекемелерін қажетті қондырғылармен жарақтандыруға биыл біз былтырғыдан 3 есе көп - 4 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отырмыз», -дейді офтальмологиялық орталықтың ашылу салтанатына қатысқан СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Петропавлда офтальмологиялық диагностикалық орталық ашылды

Орталықта ота, лазерлық ота және диагностика жасалады, сонымен қатар күндізгі стационар мен жәдел жәрдем қызметі де қарастырылған. 35 жатын орынға шақталған клиника жылына 4,9 мың адамды қабылдауға қауқарлы. Емдеу мекемесі ашылуына байланысты отызға жуық жаңа жұмыс орны пайда болды.

«Бірінші қабатта амбулаториялық қабылдауға келгендерге қызмет көрсетеміз. Мұнда барлық жағдай жасалған. Манипуляциялар, операциялар, диагностика бөлмесі, отадан кейінгі жатын бөлмелері бар. Мақсатымыз тұрғындарға сапалы ем-дом көрсету, сондай-ақ балалар офтальмологиясын дамыту. Бұл - бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі», - дейді офтальмологиялық орталықтың меңгерушісі Жанна Лахтина.
Петропавлда офтальмологиялық диагностикалық орталық ашылды

Бүгінгі таңда облыста 7 мың адам көз аурулары бойынша диспансерлік есепте тұр. Оның 2,5 мыңы балалар мен жасөспірімдер. Айта кететін жайт, орталық 2031 жылға дейін біртіндеп толықтай мемлекеттің меншігіне өтпек. 


Петропавлда офтальмологиялық диагностикалық орталық ашылды

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT