Петропавлда Нұр-Сұлтан қаласындағы ең ескі Иманов көшесінің макеті жасалып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Нұр-Сұлтан қаласының күніне орай 500-дей іс-шара өтіп, 20 шақты әлеуметтік нысан қолданысқа берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана күніне жоспарланған негізгі шаралар Петропавлдағы бас және орталық алаңнан бастау алып, Жеңіс саябағында жалғасын табады. Мерекеге орай қала ғана емес, аудан орталықтары да безендіріліп, концерттер, жастардың флешмобы, түрлі байқаулар ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Петропавл тұрғындары мен қала қонақтары Нұр-Сұлтандағы ең ескі көшелердің бірі - Иманов көшесінің кішірейтілген нұсқасын көре алады.

«Осы жылы қала әкімдігі мен мәдениет басқармасы бізге үлкен жауапкершілік артты. Біз қазір мерекеге қызу әзірлік жүргізіп жатырмыз. Нұр-Сұлтандағы Иманов көшесінің үлгісін жасап жатырмыз. Бұл көшенің тарихын толықтай зерттеп, орналасқан ғимараттарды суретке түсірдік. Кішірейтілген 1 үйдің ұзындығы 4 м, ені - 3, ал жалпы ауданы 27 шаршы метр болады. Әр үйдің ара қашықтығы 10 метрден. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтандағы триумфалды арканың да пішінін жасап жатырмыз», - дейді «Гера» мерекелік индустрия және отбасылық демалыс орталығының жетекшісі Алла Писаренко.

Мереке орай өңірде 20-ға жуық әлеуметтік нысан қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның ішінде екі көп пәтерлі тұрғын үй, қонақ үй, дәмхана, спорт алаңдары, коворкинг орталықтар, кірпіш, түйіршіктелген жемазық өндіретін цехтар, қоғамдық монша мен химиялық тазалау орталықтары бар.

Облыс орталығында шілденің 6-сы күні «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңі, «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық экспедициясы және облыстың жас суретшілерінің байқауы өтпек. Орталық алаңда сонымен қатар, күш иесі Сергей Цырульниковтың шоуы және «Аризона» шоу балетінің жаңа концерттік бағдарламалары жұрт назарына ұсынылады. Мереке қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысқан концертпен аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар