Петропавлда «несие алуға көмектесемін» деп жұртты алдаған күдікті ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда полиция ақша алып «банк несиесін ресімдеуге көмектесемін» деп, жұртты алдап келген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүсітік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қалалық Полиция басқармасына алаяқтың құрығына түскен қала тұрғыны жүгінген. «Несие алуға көмектесемін» деген айлакер осы «қызметі» үшін 30 мың теңге сұраған. Алайда, ақшаны алған соң хабарсыз кеткен.

Полиция іздестіру кезінде бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған 1985 жылғы петропавлдықты ұсталды. Қазіргі уақытта оның дәл осындай 10 қылмысқа қатысы анықталды. Ол тұрғындардан 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейін ақша алған.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша енгізілді.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның басқа да эпизодтарға қатысы анықталып жатыр. Мүліктік қылмыстардың тергелуі облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында», - деп хабарлады Петропавл қалалық ПБ бастығы Жандос Мұқатов.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында «Алаяқтық» бабы бойынша 176 қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар