Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 20 °С
USD 338.78 EUR 392.82
RUB 5.35 CNY 52.62
Жаңалықтар

Петропавлда Наурызға арнап жеті мың бауырсақ таратылады

2018 жылғы 14 наурыз 00:09 1358
Бөлісіңіз:
Петропавлда Наурызға арнап жеті мың бауырсақ таратылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл әкімдігінде қалада және аудандарда Наурыз мейрамын тойлау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда негізгі мерекелік шаралар 21-23 наурыз күндері өтеді. Соңғы жылдары ұлттық мейрамымызды көпқабатты үйлердің аулаларында тойлау игі дәстүрге айналып келеді. Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетовтің айтуынша, биыл мейрамға көппәтерлі тұрғын үйлердің үштен бірі - 300 тұрғын үй жұмылдырылады.

Қаланың бас алаңы безендіріліп, этноауыл бой көтереді, алтыбақан құрылып, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облысынан келген қолөнер шеберлеріне арналған киіз үйлер тігіледі.

М. Тасмағанбетовтің сөзіне қарағанда, мерекеде қонақтарға 7 мың бауырсақ, 200 литр наурыз көже және 2,3 тонна палау таратылады.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ермек Рақымовтың айтуынша, Тәуелсіздік стеласының алдында екі күн бойы қазақша күрес, тоғыз құмалақ, асық ату, жілік сындыру сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

21 наурызда облыстың үздік шығармашылық ұжымдарымен қатар мерекелік бағдарламаға қазақ эстрадасының жұлдызы Айқын Төлепберген де қатысады.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов солтүстікқазақстандықтар мерекелік шараларға барынша тартылуы тиіс екенін айтты.

«Алаңдарға жиналған адамдар мейрамды сезінетін болсын, сырттай бақылаушы болып тұрмасын. Ұйымшылдықпен өткізуге дайын тұру қажет. Облыстың әрбір тұрғыны мейрамды сезінсін», - дейді Қ. Ақсақалов.

Еске сала кетейік, бұрын өңір басшысы алаңдарда тігілген киіз үйлерді жабуға тыйым салған болатын. Аудандардың әкімдері шығармашылық ұжымдарымен бірге мейрамды өздерінің аумағында тойлайды. 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат